ӨЗБЕК ТІЛІ ҚЫПШАҚ ДИАЛЕКТІСІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ ЛЕКСИКАСЫ

Authors

  • Тұрсын Е.Қ., Авакова Р.А Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы, Қазақстан Author

Keywords:

өзбек тілі, қыпшақ диалектісі, этномәдени лексика, этнографиялық лексика, этнографиялық диалектизм.

Abstract

Қазіргі тіл білімінде тілді ұлттық мәдениет, ұлттық таным, «тілдік әлем» арқылы зерттеу кең өрістеді. Бұл мақалада өзбек-қыпшақ диалектісінің этномәдени лексикасына талдау жасалды. Лексикалық бірліктердің этномәдени, тілдік мәні сипатталды, өзге түрік тілдерімен байланысы анықталды.

Қазақ ұлтына ең жақын этникалық топ – постномадтық өзбектер. Алайда қазіргі түріктану ғылымында өзбектер мен қазақтардың тілдік, этномәдени байланыстары бойынша зерттеулер аз. Авторлар «Алпамыш» эпосындағы этнолингвистикалық бірліктерді түрік тілдерімен салыстырып, ортақ қыпшақ негізді этномәдени терминдерді қалпына келтіруге талпынды. Нәтижесінде қыпшақ тілді өзбектердің заттық, рухани мәдениетінің терминдері түрік тілдерінің ішінен қыпшақ-ноғай тобындағы тілдерге жақын екендігі тұжырымдалды.

References

Гаркавец А. Н. Китаб-и Маджму‛-и Тарджуман-и Турки ва ‛Аджами ва Мугали ва Фарси. «Сводная книга переводчика по-тюркски, и по-персидски, и по-монгольски, и на фарси» Халила бин Мухаммада бин Йусуфа ал-Кунави / При участии О. О. Туякбаева. – Алматы Баур, 2019. – 600 с. (ор.)

Жўраев Б. Юқори Қашқадарё ўзбек шевалари. – Тошкент: Фан, 1969. – 167 б. (өзб.)

Йўлдош уғли Ф. Алпомиш. Тошкент: Шарқ, 1998. – 400 б. (өзб.)

Қалиев Ғ., Нақысбеков О., Сарыбаев Ш., Үдербаев А. ж.т.б. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі – Алматы: Арыс, 2005. 824 б. (қаз.)

Қашқари М. Түрік сөздігі. 1-том/Аударған А.Егеубай. – Алматы: Арда+7, 2017. – 592 б. (қаз.)

Мирзаев Т., Эшонқул Ж., Фидокор С. «Алпомиш» достонининг изоҳли луғати. – Тошкент: Elmus-Press-media, 2007. – 162 с. (өзб.)

Назаров Н. Лақайлар: диалектология ва фразеология. – Тошкент, 2010.- 276 б. (өзб.)

Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді (сөздердің қолданылу тарихынан). Көптомдық шығармалар жинағы / Рәбиға Сыздықова / – Алматы: «Ел-шежіре», 2014. – 412 б. (қаз.)

Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қыдырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. Көптомдық шығармалар жинағы /Сыздықова Р. Қойгелдиев М. / – Алматы: «Ел-шежіре», 2014. – 344 б. (қаз.)

Downloads

Published

2023-12-19